Біз туралы
"Жан-Ана" балабақшасына қош келдіңіздер!»
«Жан-Ана» балабақшасы — туған жерге деген сүйіспеншілікпен болашақты қалыптастырамыз!
«Жан-Ана» балабақшасы — әрбір бала ана алақанының жылуын, қамқорлық пен қауіпсіздікті сезінетін заманауи даму кеңістігі. Біз кішкентай бүлдіршіндеріміздің балалық шағы жарқын, қызықты әрі ұлттық құндылықтарға толы өтуіне барлық жағдайды жасаймыз.
Бүгінде біздің балабақша желісі қаламыздың екі заманауи филиалында бүлдіршіндерді қуана қабылдайды:
📍Сарайшық ауданындағы филиал (Мұстафа Шоқай көшесі, 17А) — 2024 жылдан бастап жұмыс жасап, жайлылықты, қамқорлықты және балаларды дамытудың үздік әдістемелерін ұсынып келеді.
Нұра ауданындағы филиал (Күлтегін көшесі, 2, НП 12) — 2025 жылы өз есігін ашып, балаларға арналған жаңа, кең әрі заманауи бөлмелермен қамтамасыз етілді.
Негізгі ерекшеліктеріміз бен басты ұстанымдарымыз
Қазақ тіліне ерекше басымдық. Біз балалардың бай тілдік ортаға енуіне басты назар аударамыз. Тәрбие мен күнделікті қарым-қатынастың ана тілінде жүргізілуі бүлдіршіндердің кішкентай кезінен бастап өз ойын еркін, сауатты жеткізуіне мүмкіндік береді.
Отансүйгіштік пен мәдени құндылықтарды дарыту. Балалардың бойына кішкентайынан Отанға деген сүйіспеншілікті, халқымыздың тарихына, салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарына деген құрметті сіңіреміз. Ұлттық ойындар, мерекелер мен ертегілер арқылы балалар өз елімен мақтануды үйренеді.
Жеке тұлғаны дамыту. Әрбір бала — қайталанбас тұлға. Біздің міндетіміз — баланың табиғи қызығушылығын қолдап, оның шығармашылық және интеллектуалдық қабілеттерін қысымсыз, өзіндік қарқынында ашу.
Ойын арқылы жан-жақты дамыту. Сабақтар жеңіл әрі қызықты өтеді: мектепке дайындық пен логикадан бастап, музыка, спорт және бейнелеу өнеріне дейін қамтылған.
Қауіпсіздік пен денсаулық. Жарық әрі жайлы топтар, теңдестірілген пайдалы тамақтану, жабық әрі күзетілетін аумақ және бейнебақылау жүйесі ата-аналардың толық сенімі мен тыныштығына кепілдік береді.
«Жан-Ана» балабақшасы — біз дәстүрді аялап сақтайтын, жаңа көкжиектерді ашатын және өз Отанын сүйетін ақылды, сенімді ұрпақты тәрбиелейтін мекен!
Made on
Tilda